Ақтауда 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай теңіз жағалауындағы «Амфитеатр» алаңында «Сарбаздар ән салғанда» атты саптық ән байқауы өтті.
Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен байқауға 7 команда қатысты. Әр команда сап түзеп, патриоттық әндерді орындап, өздерінің жоғары тәртібі мен шығармашылық қабілетін көрсетті. Қатысушылардың өнерін арнайы қазылар алқасы бағалап, үздіктер марапатқа ие болды.
Бас жүлде - 25744 әскер бөлім Теңіз жаяу әскерлер бригадасы;
І орын - 51809 Әуе қорғаныс күштері;
ІІ орын - Жағалау күзетінің І дивизионы;
ІІІ орын - 30153 Әуе базасы.
Ал 6656, 75488 және 29011 әскери бөлімдері арнайы алғыс хатпен марапатталды.
Әскери және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бойындағы патриоттық рухты көтеру, өнер мен әскери тәртіпті үйлестіру мақсатында ұйымдастырылған шарадан көрермендер мен қатысушылар ерекше әсер алды. Сонымен қатар ел тыныштығы үшін борышын өтеп жүрген сарбаздардың рухын асқақтатты.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі