Ақтау қаласында жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары қарқын алды

Ақтау қаласында жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары қарқын алды

Биыл қала аумағында жалпы көлемі 46 мың шаршы метрді құрайтын жол таңбаларын жаңарту жоспарланған. Жыл басынан бері оның 7 мың шаршы метрінде жол таңбалары жаңартылды.

Сонымен қатар, қалада 500-ге жуық жол белгісін жаңарту және қосымша 250 жаңа жол белгісін орнату көзделіп отыр. Сондай-ақ, ағымдағы жылы қала аумағында жалпы көлемі 15 мың шаршы метрді құрайтын шұңқырлы жолға асфальт жабынын төсеу жұмыстары жалғасуда.

- Аталған бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүйелі түрде жүзеге асырылады, – деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Исматулла Адай.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі