Кептелістің алдын алу: Ақтауда бірқатар жол учаскелерінде жол жүру ережелері өзгертілді

Кептелістің алдын алу: Ақтауда бірқатар жол учаскелерінде жол жүру ережелері өзгертілді

Ақтау қаласында жол-көлік кептелістерінің алдын алу мақсатында бірқатар автомобиль жолдарында жол жүру ережелеріне өзгерістер енгізілуде. Аталған бағыттағы жұмыстар бұған дейін 12–16, 13–17 және 28а–29а шағын аудандары аралығында жүргізілген.

Қазіргі таңда бұл жұмыстар 28–29 және «Толқын» шағын аудандары аралығындағы автомобиль жолында жалғасуда. Мұнда жол таңбалары жаңартылып, кейбір учаскелерде қозғалыс жолағы 6 жолақтан 7 жолаққа дейін ұлғайтылуда.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Жол жүру ережелеріндегі енгізілген өзгерістерге мұқият назар аударып, жол қозғалысы кезінде сақ болуға шақырамыз.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі