Ақтау қаласында рұқсатсыз төгілген қоқыс үйінділерін жою жұмыстары жалғасуда

Ақтау қаласында рұқсатсыз төгілген қоқыс үйінділерін жою жұмыстары жалғасуда

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақтау қаласының «Жылы жағажай» аумағында кезекті санитарлық тазалық іс-шарасы өткізілді. Қала әкімдігінің тапсырмасы негізінде «Ақтау сервис құрылыс» ЖШС-нің 30-ға жуық коммуналдық қызметкері аумақты тазарту жұмыстарын атқарды.

Аталған жұмыстарға 10-ға жуық арнайы техника тартылып, нәтижесінде 30 тоннаға жуық тұрмыстық қатты қалдық шығарылды.

Құрметті қала тұрғындары! Қаланың санитарлық тазалығын сақтау мақсатында белгіленбеген орындарға тұрмыстық қалдықтарды тастамауларыңызды сұраймыз. Қоқысты тек арнайы белгіленген орындарға шығарып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Тазалықты сақтау — әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі