⚜️ Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары!

⚜️ Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – біздің баға жетпес байлығымыз, мемлекетіміздің берік іргетасы болып табылатын берекелі бірлігіміз бен мызғымас татулығымыздың символы. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Бірлігіміз – әралуандықта» деген қағидаты бүгінде жаңа Қазақстанды құру жолындағы негізгі темірқазығымызға айналды. Бір шаңырақ астындағы ауызбіршілік – біздің кез келген қиындықты еңсеріп, биік белестерді бағындыруымыздың кепілі.

Ақтау – Каспий жағалауындағы татулықтың мекені. Біздің қаламызда түрлі этнос өкілдері ортақ мақсат жолында еңбек етіп, қаламыздың гүлденуіне үлес қосып келеді. Осы бірлік пен келісім – әрбір ақтаулық отбасының тыныштығы мен ырысының көзі.

Қадірлі жерлестер!
Осы жарқын мерекеде әр шаңыраққа бақ-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман, бірлігіміз бекем болсын! Қасиетті Қазақстан топырағында бейбітшілік пен келісім мәңгі салтанат құрсын!

Мереке құтты болсын!

Құрметпен, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов