Ақтауда жолдар тазаланып, таңбалар жаңартылуда

Ақтауда жолдар тазаланып, таңбалар жаңартылуда

20 сәуірде Ақтау қаласының орталық жолдарында кезекті санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, жол таңбалары жаңартылды.

Мердігер мекеме қызметкерлері таңғы уақыттан бастап орталық көшелерді жуып, жол жиегіндегі құм мен қоқыстан тазарту жұмыстарын атқарды. Сонымен қатар, ескірген жол таңбалары қайта сызылып, жаяу жүргіншілер өткелдері жаңартылды.

Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да күшейтілген режимде жалғасады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі