КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ

КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ

Ақтау қаласының мәслихаты мен әкімдігі, сондай-ақ қалалық ардагерлер ұйымы қазақтың біртуар перзенті, Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановтың дүниеден өтуіне байланысты оның туған-туыстары мен жақындарына, барша қазақ еліне қайғыра көңіл айтады.

Мұхтар Шаханов – саналы ғұмырын шығармашылыққа, елдік мұратқа, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арнап, артында өшпес мұра қалдырды. Ақынның терең ойлы, тағылымға толы шығармалары оқырман жүрегіне жол тауып, әлемнің 50-ден астам тіліне аударылып, қазақ сөзінің құдіретін дүние жүзіне танытты.

Оның поэзиясы мен драматургиясы – ұлттың жан айнасы, ар-ожданның үні, адамзаттық құндылықтардың асқақ үлгісі. Мұхтар Шаханов тек қаламгер ғана емес, қоғамның көкейкесті мәселелерін батыл көтерген қайраткер, ұлт тағдырына бейжай қарамаған күрескер тұлға ретінде де ел жадында мәңгі сақталады.

Орны толмас қазаға байланысты қайғыны бөлісе отырып, марқұмның жаны жәннатта, топырағы торқа болсын деп тілейміз. Оның жарқын бейнесі мен мол мұрасы халқымыздың жүрегінде мәңгілік сақталады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі