Ақтау қаласының 15 шағын ауданында абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді

Ақтау қаласының 15 шағын ауданында абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді

«Таза аула» экологиялық акциясын 15 шағын аудан 52, 53 және 54 үйлердің қызмет көрсетуші мекемесі де қолдады. Аталған аумақта тұрғын үйлерге қызмет көрсетуші мекемелер тарапынан санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында кешенді жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, аулаларда жиналған тұрмыстық қалдықтар шығарылып, аумақтар тазартылды. Сонымен қатар, жасыл желектерді күтіп-ұстау мақсатында топырақ қопсытылып, абаттандыру шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылды.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі