
Ақтау қаласында 17 сәуір күні тұрғындарға тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған акция өтеді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға заң аясында қолдау көрсету.
Аталған іс-шараны Маңғыстау облысы Әділет департаменті өткізеді. Акция барысында азаматтар өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша білікті мамандардан кеңес ала алады.
Тегін заң көмегі акциясы сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Ақтау қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында (15-шағынаудан, 67 «Б» ғимараты) өтеді.
Барлық қала тұрғындары мен қонақтарын акцияға қатысуға шақырамыз!