
«Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-сі, "Ақтау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Ақтау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 28 шілдедегі № 1293 қаулысына (Ақтау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 28 шілдедегі № 1293 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2025 жылғы 11 сәуірдегі №11-07-1047 қаулысы тіркелді.) сәйкес, маусымдық сауда орындарына өтінімдер қабылдайды.
Ағымдағы жылдың сәуір айының 27-нен бастап мамыр айының 13-шы жұлдызын қоса алғанда (10 жұмыс күні аралығында) сағат 09:30-12:00 және 14:30-18:00 аралығында, жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіретін шаруа қожалықтары жеміс-жидек, бау-бақша өнімдеріне,жеке және заңды тұлғалар балмұздақ (франшизамен), жүгері өнімдері, алкоголсіз сусындарға, квасқа өз өтініштерін (өтініш, жеке куәлік көшірмесі, жеке кәсіпкерлікті куәландыратын куәлік көшірмесі, салық органында қарызы жоқ туралы анықтама) 4 шағын аудан, 72 ғимарат, Ақтау қаласы әкімдігінің 1 қабат «Қызмет көрсету орталығында» қабылдау өткізілетіндігін хабарлайды.
«Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-сі