
Жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың әлеуметтік міндеттемелері есебінен жүргізілетін жоба шеңберінде жалпы ұзындығы шамамен 4 шақырымды құрайтын жағажай аумағын дамыту көзделген. Атап айтқанда, пирстер салу, жағалау бойында демалыс аймақтарын ұйымдастыру, жаяу жүргінші жолдарын төсеу, баспалдақтар мен пандустарды, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату, көлеңкелі беседкалар салу, сондай-ақ заманауи сәулеттік нысандарды орналастыру жоспарлануда.
Жобаның алғашқы кезеңінде ұзындығы 1,5 шақырымды құрайтын аумақты (I Love You Aktau инсталляциясынан жартасты соқпаққа дейінгі аралық) жаңадан абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын бастау үшін, құрылыс жүргізілетін аумақтарды қажетті арнайы техника және адам күшін жұмылдыру жұмыстары басталды.
Жобаның екінші кезеңінде «Самал» шағынауданынан бастап 7a шағынауданға дейін (I Love You Aktau инсталляция) қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.
Ақтау қалалық құрылыс бөлімі келтірілген уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытуды сұрайды.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі