Ақтауда құрылысшылар теңіз жағалауын қоқыстан тазартты

Ақтауда құрылысшылар теңіз жағалауын қоқыстан тазартты
11 сәуір күні Ақтау қаласында өткен ауқымды сенбілік аясында құрылыс саласының өкілдері де белсенділік танытып, теңіз жағалауын қоқыстан тазарту жұмыстарына атсалысты.

Шара барысында 50-ге жуық «Оңдасын строй» ЖШС қызметкерлері жағалау аумағындағы қураған шөптерді жұлып, тұрмыстық қалдықтарды жинап, тазалық жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар құрылысшылар демалыс аймағындағы балясиналарды сырлап, аумақты абаттандырды.

- Барша қала тұрғындары мен құрылыс мекемелерін осындай игі тазалық шараларына белсенді түрде атсалысуға шақырамын, – деді «Оңдасын строй» ЖШС өкілі Еркін Қайдаров.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі