Ақтауда 33-шағын ауданда 500 метр электр желісі жаңартылды

Ақтауда 33-шағын ауданда 500 метр электр желісі жаңартылды

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес 2025 жылы Ақтау қаласында электр желілерін жаңғыртуға бағытталған ауқымды жоба бастау алды. Бүгінгі таңда аталған жоба шеңберінде 33-шағын ауданда 500 метрге жуық электр кабелі жаңартылып, пайдалануға берілді.

Қала тұрғындарын сапалы әрі тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етуді көздейтін жоба бірқатар шағын аудандарды қамтиды. Жоба аясында қала аумағындағы ескірген, тозығы жеткен электр кабельдері кезең-кезеңімен жаңартылып, сенімді әрі үздіксіз электрмен жабдықтау жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

- 33-шағын ауданда РП-33 пен ТП 33-25 аралығындағы 500 метр кабель желісі толық жаңартылды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта басқа да шағын аудандарда жалғасын табады. Негізгі мақсат – қала тұрғындарын электр энергиясымен тұрақты әрі үздіксіз қамтамасыз ету, – деді «Ақтау электр желілері басқармасы» МКК бөлім басшысы Нұржан Беганов.

Жалпы, жоба аясында қала инфрақұрылымын жаңарту арқылы электрмен жабдықтау сапасын арттыру және апаттық жағдайлардың алдын алу көзделген.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі