
Қала әкімдігінің ресми сайтында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында дауыс беру басталғанын хабарлаймыз. Аталған жоба тұрғындардың бастамаларын қолдап, қаланың инфрақұрылымын дамытуға және өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Жоба шеңберінде ұсынылған бастамаларды іске асыру мақсатында ресми интернет-ресурста электрондық дауыс беру 2026 жылдың 24 сәуіріне дейін жүргізіледі. Дауыс беру жеке ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) кілті арқылы жүзеге асырылады.
Аталған жоба қала тұрғындарына өз аумақтарын абаттандыру, қоғамдық кеңістіктерді жақсарту және өзекті мәселелерді шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді.
Маңызды: 20-дан кем дауыс жинаған жобалық ұсыныстар қарастыруға жіберілмейді.
Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары: 30-34-98, 50-30-06