
Ақтау қаласында өткен жылдың күзі мен 2026 жылғы көктем мезгілінде отырғызылған жасыл желектердің жағдайын жақсарту, сондай-ақ олардың тамыр жүйесін нығайту мақсатында кешенді агротехникалық шаралар жүзеге асырылуда.
Аталған жұмыстар шеңберінде ағаш көшеттерінің жерсіну деңгейін арттыру, өсу қарқынын тұрақтандыру және сыртқы орта факторларына бейімделуін қамтамасыз ету көзделген. Осыған байланысты өсімдіктер тамыр жүйесін күшейтетін және жалпы физиологиялық жағдайын жақсартатын арнайы препараттармен өңделуде. Атап айтқанда, «Корень Плюс», «Инлайвер» және гуми негізіндегі минералды тыңайтқыштар қолданылуда.
- Өңдеу жұмыстары бекітілген агротехникалық талаптар мен нормаларға сәйкес жүйелі түрде жүргізілуде. Қабылданып жатқан шаралар отырғызылған ағаштардың тіршілік қабілетін арттыруға, тамыр жүйесінің қарқынды дамуына және олардың толыққанды өсіп-жетілуіне оң ықпал етеді, – деді «Green City Aktau» ЖШС директорының орынбасары Ақжол Сандыбеков.
Айта кетейік, аталған іс-шара күзгі ағаш егу маусымына дейін тұрақты жалғасады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі