
6 сәуір күні Ақтау әкімдігінде «Халық қатысатын бюджет» жобасын талқылауға арналған жиын өтті. Қаңтар айында бастау алған жобаға 77 өтінім тіркелген. Жиынға қала әкімінің орынбасары Ерғали Скендиров, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес өкілдері, әкімдік бөлімдерінің басшылары және белсенді азаматтар қатысып, ұсынылған өтінімдерді қарастырды.
Алдағы кезеңде іріктеуден өткен жобалар дауыс беру кезеңіне жолданады. Дауыс беру қорытындысы бойынша 20-дан астам дауыс жинаған жобалар кезең-кезеңімен іске асырылатын болады.
Еске салайық, «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аумақты көгалдандыру, тротуарлар мен пандустарды салу және жөндеу, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және жарықтандыру, қоқыс орындарын реттеу, сондай-ақ балалар және спорт алаңдарын орнату мен жаңғыртуға бағытталған жобаларға басымдық беріледі.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі