Аталған өтініш негізінде Департамент қызметкерлерінің араласуымен азамат Е-нің пәтерінің техникалық құжаттарының дұрыснұсқасы ұсынылды.
Жалпы алғанда, «EgovKzBot2.0» платформасы – мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ашықтық пен тиімділікті арттыруға бағытталған маңызды құрал. Бұл жүйе азаматтардың құқықтарын қорғауға, олардың мәселелерін жедел шешуге және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында мұндай платформалардың маңызы арта түсері анық. Себебі олар мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін халыққа барынша жақындатып, тиімді әрі қолжетімді етуге жол ашады.
Егер мемлекеттік қызмет алу барысында қандай да бір қиындықтар туындаса немесе заңбұзушылықтарға тап болсаңыз, EgovKzBot2.0 Telegram-боты арқылы немесе Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне жүгінуге болады.
Азаматтардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті