Ақтауда заңсыз орнатылған 8 күш өлшегіш құрылғысы тәркіленді

Ақтауда заңсыз орнатылған 8 күш өлшегіш құрылғысы тәркіленді

Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі қала аумағында заңсыз орналасқан сауда нысандары мен рұқсатсыз қойылған құрылғыларды анықтау мақсатында күнделікті мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Бұл шаралар қаланың сәулеттік келбетін ретке келтіру және кәсіпкерлік қызметтің заңдылығын қамтамасыз ету бағытында қолға алынған.

Бүгін өткен кезекті тексеріс жұмыстарының нәтижесінде қала аумағынан барлығы 8 күш өлшегіш құрылғысы (силомер) алынып тасталды. Оның ішінде «Астана» сауда орталығының алдында тиісті рұқсат құжаттарынсыз заңсыз тұрған 4 құрылғы анықталды. Аталған нысандардың барлығы заңсыз орнатылғандықтан, мамандар тарапынан тәркіленіп, арнайы айыппұл тұрағына жеткізілді.

Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі кәсіп иелеріне қала аумағында кез келген нысанды немесе құрылғыны рұқсатсыз қоюға қатаң тыйым салынатынын тағы да ескертеді.

Қала аумағындағы кәсіпкерлерді заң талаптарын қатаң сақтауға және шаһар тәртібіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі