
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде Ақтау қаласындағы қоғамдық тамақтану саласының өкілдері 6-шағын ауданда орналасқан орталық жол жиегіне 40-қа жуық ағаш екті.
Егілген жасыл желектердің қатарында шырша, тұт және жеміс ағаштары бар. Бұл бастама қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға және көркін арттыруға бағытталған.
Аталған игі іске бастамашы болған «Тандыр хаус» мейрамхана ұжымя бұл әрекетті өзінің азаматтық міндеті ретінде бағалап, өзге де кәсіп иелерін белсенділік танытуға шақырды.
– Кез келген кәсіп иесі өз нысанының аумағын абаттандырып, тазалықты сақтап, көгалдандыру жұмыстарын жүргізуі тиіс. Осы жауапкершілікті сезіне отырып, барша кәсіпкерлерді осы игі бастаманы қолдауға және жалғастыруға шақырамыз, – деді мейрамхана өкілі Оразгүл Исенбаева.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі