Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына!

Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына!

Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен «Құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру» мақсатында жоспарлы техникалық сынақ жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз.

Сынақ барысында электросиреналар (дабыл жүйелері) іске қосылып, тексеру режимінде жұмыс істейтін болады.

Іс-шара 2026 жылдың 1 сәуір күні, сағат 11:00-де ұйымдастырылады.

Құрметті тұрғындар, бұл – жоспарлы профилактикалық шара. Сондықтан сабырлық сақтап, түсіністік танытуларыңызды сұраймыз.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі