«Таза Қазақстан»: Ақтауда Каспий теңізі жағалауын тазарту жұмыстары жүргізілуде

«Таза Қазақстан»: Ақтауда Каспий теңізі жағалауын тазарту жұмыстары жүргізілуде

Ақтау қаласында Каспий теңізі жағалауында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде. Аумақ балдырлар, лай мен тастардан сондай-ақ тұрмыстық қатты қалдықтардан тазартылып жатыр.

Аталған жұмыстар 4А шағын ауданында жеке кәсіпкердің демеушілігімен жүзеге асуда. Бұл жұмыстардың мақсаты – демалыс орындарының экологиялық жағдайын жақсарту және жазғы маусымда қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы орта қалыптастыру.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі