Ақтауда 22 наурыз күні жағалаудағы мерекелік шараларға қоғамдық көлік тегін қатынайды

Ақтауда 22 наурыз күні жағалаудағы мерекелік шараларға қоғамдық көлік тегін қатынайды

Ақтау қаласында 22 наурыз күні Наурыз мерекесіне орай «Амфитеатр» алаңында өтетін мерекелік іс-шараларға қала тұрғындары мен қонақтары үшін арнайы қоғамдық көлік ұйымдастырылады.

Атап айтқанда, 15-шағын аудан теңіз жағалауы аумағында өтетін іс-шараларға қатысушыларды жеткізу мақсатында кезекші автобустар қатынайды.

«Наурыз» белгісі бар кезекші автобустар 15 ш/а ХҚКО бастап «Амфитеатр» алаңына дейін (маршруттардың қозғалыс сызбасы қосымша көрсетілген) жүріп, қолданыстағы аялдамалардан жолаушыларды алып, оларды мерекелік шара өтетін орынға тегін жеткізеді.

Аталған шаралар тұрғындардың қолайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі