Ақтауда 15 шағын ауданды кешенді абаттандыру жобасы жалғасуда

Ақтауда 15 шағын ауданды кешенді абаттандыру жобасы жалғасуда

Ақтау қаласында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында 15 шағын ауданды кешенді абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр.

Жоба аясында 49-52 үйлері маңында жалпы көлемі 3010 шаршы метр автомобиль жолына және 522 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолына жаңа асфальт жабындысы төселуде. Сонымен қатар, 45–46 тұрғын үйлердің алдындағы жүріс бөлігінде 3292 шаршы метр аумақ қамтылып, асфальт төсеу жұмыстары атқарылуда.

Аталған шаралар тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысын қамтамасыз етуге және қала инфрақұрылымының сапасын арттыруға бағытталған.

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін 15-шағын аудан аумағында жалпы көлемі 31 845,07 шаршы метр жол жабындысы жаңартылып, асфальт төсеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылды.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі