Ақтау қаласында өтіп жатқан Республикалық референдум аясында белгілі спортшы, дзюдодан халықаралық турнирлердің жеңімпазы және Қазақстан чемпионы Ақниет Тұрдан өз таңдауын жасады. Спорт саңлағы қаламыздағы №45 сайлау учаскесіне келіп, азаматтық ұстанымын білдірді.
Ақниет Тұрдан – Маңғыстау спорт мектебінің мақтанышы, дзюдодан әйелдер арасындағы ел біріншілігінің бірнеше дүркін жүлдегері. Ол өз сөзінде спорттағы жеңістер сияқты, ел өміріндегі маңызды саяси шешімдер де жауапкершілік пен бірлікті талап ететінін атап өтті.
- Спортшы ретінде мен үшін тұрақтылық пен дамудың маңызы зор. Бүгінгі референдум – еліміздің ертеңгі бағытын айқындайтын тарихи сәт. Әрбір азаматтың дауысы маңызды, сондықтан мен өз таңдауымды жасауды парызым деп санадым. Жаңа ғана жаттығудан шыға сала, осында келдім. Мен өз таңдауымды жасадым, — деді спортшы.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі