Қоғам қайраткері Киікбай Жаулин: Референдум – азаматтық борыш

Қоғам қайраткері Киікбай Жаулин: Референдум – азаматтық борыш
 15 наурыз күні Ақтау қаласындағы №240 сайлау учаскесінде мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдарының докторы, профессор, академик Киікбай Жаулин республикалық референдумда өз таңдауын жасады.

Киікбай Мыңбайұлы референдум – азаматтық борыш екендігін, ел дамуының маңызды кезеңдерінің бірі екенін атап өтіп, мұндай саяси науқанға белсенді қатысу әрбір азаматтың азаматтық жауапкершілігі екенін жеткізді. Оның айтуынша, халықтың өз таңдауын жасап, ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге қатысуы – мемлекет дамуының басты кепілі.

– Саяси науқанға белсенді қатысу – әрбір азаматтың азаматтық жауапкершілігі. Бүгінгі референдум – еліміздің болашағына қатысты маңызды қадамдардың бірі. Сондықтан әрбір тұрғын өз таңдауын жасап, ел дамуына үлес қосуы тиіс, – деді Киікбай Жаулин.
 
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі