Бүгін еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі – республикалық референдум аясында Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Пәния Сармурзина өз таңдауын жасап, азаматтық ұстанымын білдірді.
Халық қалаулысы Ақтау қаласында орналасқан №264 сайлау учаскесіне арнайы келіп, референдумда дауыс берді. Бұл қадам оның ел тағдырына бейжай қарамайтын, қоғам дамуына белсенді үлес қосуға дайын азаматтық жауапкершілігін айқын көрсетті.
- Менің дауысым – әрбір қазақстандық азаматтың үні деп есептеймін. Бүгінгі таңда қабылданатын шешімдер біздің келешек ұрпақтарымыздың жарқын әрі тұрақты өмір сүруіне негіз болады. Сондықтан мен елдің болашағына үлкен сеніммен қарап, ортақ игілік пен өркендеу жолындағы таңдауымды жасадым, – деді Пәния Сармурзина.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі