15 наурыз күні тұрғындар мен қала қонақтары үшін қоғамдық көлік қызметі тегін ұйымдастырылуда. Көрісу күніне орай қолға алынған бұл бастама көпшілікке мереке күндері қала ішінде кез келген бағытқа еркін әрі ыңғайлы қатынауға мүмкіндік берді.
Қала ішіндегі барлық бағыттағы қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдап, тұрғындардың мерекелік көңіл күйін арттыруға өз үлесін қосты. Бұл игі бастама қала тұрғындары мен қонақтары тарапынан зор қолдау тауып, көпшіліктің ризашылығына бөленді.
Тұрғындар мереке күндері ұйымдастырылған тегін маршруттар үшін ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, мұндай әлеуметтік маңызы бар бастамалардың алдағы уақытта да жалғасын табуына тілектестік білдірді.
- Амал мерекесі аясында ұйымдастырушылар автобустарды тегін етіп қойды. Сол үшін рақметімізді айтамыз. Мереке құтты болсын, - деді қала тұрғындары.
Айта кетейік, тегін қоғамдық көлік қызметі бүгін 21:30-ға дейін жалғасады. Ал қалааралық 10 және 11 маршруттар түнгі ауысымда ақысыз жолаушыларды тасымалдайды.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі