Ақтаулық белсенді жас алғаш рет дауыс берді

Ақтаулық белсенді жас алғаш рет дауыс берді
15 наурыз күні Ақтау қаласында өтіп жатқан республикалық референдумға Yessenov университетінің 1-курс студенті, болашақ заңгер Бекзат Қадірбай қатысып, өз таңдауын жасады.

Жас сайлаушы Ақтау технологиялық колледжінде орналасқан сайлау учаскесіне келіп, ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға белсенді түрде атсалысты. Ол референдум күні ұйымдастырылған тегін қоғамдық көлікті пайдаланып, дауыс беруге арнайы келді.

Бекзат Қадірбайдың айтуынша, референдум – әрбір азаматтың ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауына мүмкіндік беретін саяси науқан.

– Референдумға қатысу – әрбір азаматтың азаматтық жауапкершілігі. Әсіресе жастар ел болашағына бейжай қарамай, осындай маңызды шешімдер қабылданатын сәттерде белсенділік танытуы керек, – деді белсенді жас Бекзат Қадірбай.
 
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі