Ақтау қаласында наурыз мерекесі қарсаңында республикалық «Наурыз Fest» акциясы өткізіліп жатыр. Аталған бастама қала тұрғындарына мереке қарсаңында тауарларды тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік беріп, сауда саласындағы белсенділікті арттыруға бағытталған.
Акция аясында сауда желілерінде арнайы безендірілген «Наурыз Sale» аймақтары ұйымдастырылып, науқан барысында бірқатар тауар түрлері 10–15% жеңілдікпен сатылымға шығарылуда.
Ақтау қаласы бойынша аталған акцияға «Дина», «Анвар», «Altyn Food», «Дана» сауда желілері, сондай-ақ «Saya Park», «Астана», «ШУМ», «Аққала Mall», «Маңғыстау», «Байтерек», «Ақтау» ойын-сауық және сауда орталықтары қатысуда.
Айта кетейік, «Наурыз Fest» республикалық акциясы 13–23 наурыз аралығында өткізіледі.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі