
Ақтау қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында санитарлық тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуына қатысты бақылау жұмыстары күшейтілді.
10 наурыз күнгі жүргізілген мониторинг нәтижесінде 15А шағын ауданында бірқатар кәсіпкерлердің көп мөлшерде заңсыз түрде қоқыс тастағаны анықталды. Аталған құқық бұзушылықтарға байланысты кәсіпкерлерге қала әкімдігі тарапынан ескерту беріліп, қала аумағында тазалық талаптарын сақтау қажеттігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
- Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына! Қала аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында мониторинг жұмыстары күшейтілгенін хабарлаймыз. Барша кәсіпкерлерді және қала тұрғындарын тазалық талаптарын сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілікпен қарауға шақырамыз, – деді Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің инспекторы Дәурен Сұлтанғали.
Аталған жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі