Амал мерекесіне орай Отпан тауға тегін автобустар қатынайды

Амал мерекесіне орай Отпан тауға тегін автобустар қатынайды
13-14 наурыз күндері Амал мерекесіне орай Маңғыстау облысының тұрғындары мен қонақтары тарихи-мәдени кешен - Отпан тауға тегін автобустар арқылы жете алады.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, арнайы қоғамдық көліктер Ақтау және Жаңаөзен қалаларынан қатынайды. Жол жүру уақыты: шамамен 2 сағат.

📌 13 наурыз

Ақтау қаласынан:
Жөнелту орны: 29А шағын ауданы, «Grand Nur Plaza» қонақ үйінің алдындағы автотұрақ.
Қоғамдық көліктің шығу уақыты: 12:00 (жолаушыларды жинау 11:00-ден басталады).

Жаңаөзен қаласынан:
Жөнелту орны: Мұнайлы шағын ауданы, Амин Туяков атындағы спорт кешенінің автотұрағы.
Қоғамдық көліктің шығу уақыты: 12:00 (жолаушыларды жинау 11:00-ден басталады).

Кері қайту: 13 наурыз күні сағат 22:00.

📌 14 наурыз

Ақтау қаласынан:
Жөнелту орны: 29А шағын ауданы, «Grand Nur Plaza» қонақ үйінің алдындағы автотұрақ.
Қоғамдық көліктің шығу уақыты: 08:00 (жолаушыларды жинау 07:00-ден басталады).

Жаңаөзен қаласынан:
Жөнелту орны: Мұнайлы шағын ауданы, Амин Туяков атындағы спорт кешенінің автотұрағы.
Қоғамдық көліктің шығу уақыты: 08:00 (жолаушыларды жинау 07:00-ден басталады).

Кері қайту: 14 наурыз күні сағат 16:00.
 
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі