Қазіргі таңда Ақтау қаласы аумағында абаттандыру және инфрақұрылымды жақсарту бағытындағы жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде. Атап айтқанда, қаладағы бірқатар жаяу жүргіншілер жолдарын жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, қала тұрғындарының жайлы демалысын қамтамасыз ету мақсатында балалар ойын алаңдарын қалпына келтіру және оларды сырлау жұмыстары да қатар атқарылуда.
Аталған жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі