🌷8 наурыз! Ақтауда нәзік жанды жолаушыларға тамаша сый жасалды

Мереке құрметіне қоғамдық көліктерде әйелдер тегін қатынауда. 
Бұл игі бастамаға жолаушылар ризашылықтарын білдіріп, бір-бірін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап жатыр.Еске салайық, бүгін мерекеге орай қыз-келіншектер, аналар мен әжелер №1, 2, 3, 4, 4М, 5, 6, 7, 8, 9 және 12 бағыттағы автобустарда ақысыз қатынайды.Қоғамдық көліктер кесте бойынша кешкі 21:00-ге дейін жолаушыларға қызмет көрсетеді.Көктемнің шуақты мерекесі құтты болсын! 
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі