
Сіздерді көктемнің ең шуақты мерекелерінің бірі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әйел – отбасының берекесі, қоғамның тірегі, ұрпақ тәрбиесінің алтын арқауы. Сіздердің мейірім мен парасатқа толы жүректеріңіз, табандылық пен төзімге негізделген еңбектеріңіз еліміздің дамуы мен бірлігінің берік негізін қалыптастырып келеді.
Қай салада болмасын нәзік жандылар кәсіби шеберлігімен, жауапкершілігімен және адал еңбегімен ел игілігіне қызмет етіп жүр. Ақтау қаласының дамуына өз үлестерін қосып жүрген қыз-келіншектер мен аналардың еңбегі әрдайым жоғары бағаға лайық.
Сіздер отбасында – мейірімді ана, қамқор жар, ал қоғамда – білікті маман, белсенді азамат ретінде ұрпаққа үлгі болып келесіздер. Осы игі қасиеттеріңізбен шаңыраққа жылу, өмірге шуақ сыйлап келесіздер.
Осы айтулы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, отбасыңызға амандық пен татулық тілеймін. Әр шаңырақта шаттық пен қуаныш мол болып, жүректеріңіз әрдайым көктемдей құлпырып жүре берсін!
Құрметпен,
Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов