«Таза Қазақстан»: Ақтауда көктемгі санитарлық-тазалық жұмыстары қарқын алды

«Таза Қазақстан»: Ақтауда көктемгі санитарлық-тазалық жұмыстары қарқын алды

Ақтау қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде қала аумағын санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары қарқын алды. Атап айтқанда, тұрмыстық қатты қалдықтар мен бейберекет (стихиялық) қоқыс орындары мен жол жиектеріндегі арам шөптерді жою шаралары қолға алынған.

Аталған жұмыстарға 70-тен астам қызметкер жұмылдырылып, 5 бірлік арнайы техника тартылды. Шаһардың санитарлық жағдайын жақсартуға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және тұрғындарға қолайлы орта құруға бағытталған бұл жұмыстар жүйелі түрде жалғаса береді.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі