Ақтау қаласының әкімі Ресей Федерациясы СІМ өкілін қабылдады

Ақтау қаласының әкімі Ресей Федерациясы СІМ өкілін қабылдады

4 наурыз күні Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ринат Андержановты қабылдады.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, өңіраралық байланыстарды одан әрі нығайту перспективаларына тоқталды. Сондай-ақ Ресейлік тарап Ақтау қаласында Ресей Федерациясының консулдығын ашу жөніндегі ұсынысын жеткізді. Бұл бастама сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және инвестициялық бағыттардағы әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы достық және стратегиялық әріптестік қатынастарды дамыту, өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру, туризм мен кәсіпкерлік салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды.

Кездесу қорытындысында тараптар екі ел арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдауға дайын екендерін білдіріп, алдағы уақытта сындарлы диалогты жалғастыруға уағдаласты.

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі