Енді жерді жалға алу, сату және мақсатынөзгерту онлайн рәсімделеді

Енді жерді жалға алу, сату және мақсатынөзгерту онлайн рәсімделеді

2026 жылдың қаңтарынан бастапҚазақстанда жер қатынастары саласындағы үшқызмет цифрлық форматқа көшті «Азаматтарғаарналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясыныңхабарлауынша, енді жердің нысаналы мақсатынөзгерту, жалдау мерзімін ұзарту және жеручаскесін сатып алу қызметтерін онлайн алуғаболады.

Цифрлық форматқа көшкен қызметтердің бірі –жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту.Мәселен, ауыл шаруашылығы мақсатында берілгенжер учаскесін құрылысқа пайдалану үшін оныңнысаналы мақсатын қашықтан өзгертуге болады.
Сондай-ақ жер учаскесін жалға алу мерзімінұзарту қызметі де онлайн қолжетімді. Егер жалдаумерзімі аяқталуға жақындаса, оны ұзарту туралыөтінішті 90 күн бұрын онлайн беруге болады.

Бұдан бөлек, жер учаскесін жеке меншікке сатурәсімі де цифрландырылды. Жерді онлайн түрдебіржолғы төлеммен немесе бөліп төлеу арқылысатып алуға болады. Бұл меншік құқығын рәсімдеупроцесін жеңілдетеді.
Қызметтер «Жылжымайтын мүліктің бірыңғаймемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесі, электрондық үкімет порталы және жергіліктіатқарушы органдардың жүйелері арқылыкөрсетіледі. Бұл негізгі процестерді онлайн форматқа көшіруге және өтініштердің мәртебесінжүйе арқылы бақылауды жеңілдетуге мүмкіндікбереді.

Қызметтерді автоматтандыру «Жылжымайтынмүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін дамыту аясында жүзегеасырылды және мемлекеттік қызметтердіцифрландыру бағытының бір бөлігі болыптабылады. Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметтерді, соның ішінде жерқатынастары саласындағы қызметтерді де кезең-кезеңімен онлайн форматқа көшіріп, азаматтар мен бизнес үшін олардың қолжетімділігін арттыруды жалғастырады.