Ақтауда «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді

Ақтауда «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді

Ақтау қаласында 2026 жылғы 25–27 ақпан аралығында облыс көлемінде «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.

Оқу-жаттығу барысында құлақтандыру жүйесінің жұмысы, су тасқыны кезеңінде туындауы мүмкін төтенше жағдайларға жедел ден қою, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығы тексеріледі.

Өткізілетін іс-шаралар кезінде қала тұрғындары мен қонақтарынан сабырлық сақтап, жалған ақпаратқа сенбеулерін сұраймыз.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі