
"Бюджеттік жоспарлаудың қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі №208 бұйрығына сәйкес, «Халық қатысатын бюджет» іске асыру мақсатында, Ақтау қаласының әкімдігі жобалық ұсыныстарды қабылдау туралы хабарлайды.
Кез келген азамат қала аумағын дамыту мен абаттандыруға бағытталған өз идеясын ұсына алады. Егер сіздің ұсынысыңыз дауыс беру процесінде қала тұрғындары тарапынан қолдау тапса, ол қалалық бюджет есебінен жүзеге асырылатын болады.
«Халық қатысатын бюджет» шеңберінде келесі іс-шаралар бойынша өтінімдер қабылданады:
1) аумақты көгалдандыру;
2) тротуарларды жайластыру;
3) тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
4) ортақ пайдаланылатын орындарды құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер);
5) бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
6) қоқыс тастайтын жерлерді жою;
7) ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;
8)аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;
9) санитарияны қамтамасыз ету.
Қала бюджеті қаражаты есебінен іске асыруға ұсынылатын жобалық ұсыныстарға қойылатын талаптар:
1) ортақ пайдалану объектісі;
2) тиісті аумақтар тұрғындары үшін өзектілігі.
Бұл ретте, бір қаржы жылы ішінде іске асырылатын жобалық ұсыныстар басым болып табылады.
Жобалық ұсынысқа шығыстардың болжамды сметалық есебі немесе/және баға ұсынысы, сондай-ақ фото суреті/эскизі/макеті/схемасы қоса жалғануы қажет.
Қарауға қабылданбайтын жобалық ұсыныстар:
1) тұтас емес, фрагменттік сипаты бар (элементтердің бірін орындау болашақта қосымша элементтерді іске асыруды талап етеді);
2) тиісті елді мекеннің даму басымдықтарына сәйкес келмейтін;
3) жеке коммерциялық сипаттағы ұсыныстарды іске асыруды көздейтін;
4)тиісті елді мекеннің құрамдас бөліктерінде осыған ұқсас іске асырылған жобалары бар жобалық ұсыныстар дауыс беруге жіберілмейді.
Дауыс беру:
1 тұрғын - 1 дауыс;
20 дауыстан кем жинаса - жоба жүзеге асырылмайды.
Өтінімдерді қабылдау, дауыс беру және бастамаларды іріктеу онлайн режимде Ақтау қаласы әкімдігінің ресми сайтында өтеді: https://www.gov.kz/memleket/
Қосымша сұрақтар бойынша байланыс телефоны: 8 (7292) 30-34-96, 8 (7292) 30-34-98, 8 (7292) 50-30-06