Ақтау қаласының 2026 жылға арналған жоспарлары талқыланды

Ақтау қаласының 2026 жылға арналған жоспарлары талқыланды

23 ақпан күні Ақтау қалалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында Ақтау қаласының 2026 жылға арналған даму жоспарлары жан-жақты талқыланды.

Қала әкімдігі тарапынан әлеуметтік саланы қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, автомобиль жолдарын салу және жөндеу бағыттарындағы алдағы жобалар таныстырылды. Сонымен қатар, жоспарланған іс-шараларды іске асыру тетіктері мен күтілетін нәтижелер бойынша ақпарат беріліп, Қоғамдық кеңес мүшелері өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Талқылау барысында бірқатар мәселелер бойынша нақтылау енгізу қажеттігі атап өтілді.

- 2026 жылға арналған жоспарлар қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беруі тиіс. Әрбір жоба тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталуы қажет. Қабылданатын шешімдер ашық талқыланып, қоғам пікірін ескере отырып жүзеге асырылуы маңызды, – деді Ақтау қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Съезбек Карипов.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі