
Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мен Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты және «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ қала аумағындағы шаруа қожалығы иелеріне «Ауыл аманаты» жобасын түсіндірді.
Іс-шараның басты мақсаты – ауыл шаруашылығы субъектілеріне жобаның тиімді тұстарын кеңінен насихаттап, жеңілдетілген несиелеу шарттары мен құжаттарды рәсімдеу тәртібі бойынша әдістемелік көмек көрсету. Кездесу барысында жобаға қатысу талаптары, қаржыландыру көлемі мен мерзімдері, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары егжей-тегжейлі түсіндірілді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға сала мамандары нақты әрі мазмұнды жауаптар берді.
— «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында келген мамандар жоба шарттары мен жеңілдетілген несие алу мүмкіндіктері туралы толыққанды ақпарат ұсынды. Құжаттарды рәсімдеу тәртібі мен мемлекеттік қолдау тетіктері жөнінде нақты мәлімет алдым, — деді шаруа қожалық иесі Булат Есеналиев.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі