Ақтауда бірқатар шағын ауданда жаңа жаяу жүргіншілер жолдары салынуда

Ақтауда бірқатар шағын ауданда жаңа жаяу жүргіншілер жолдары салынуда

Қазіргі уақытта Ақтау қаласының бірқатар шағын аудандарында жаяу жүргіншілер жолдарын салынуда. Аталған жұмыстар тұрғын үйлерге, білім беру ұйымдарына және өзге де әлеуметтік нысандарға іргелес аумақтарында жүргізілуде.

Құрылыс жұмыстары 15, 17, 31а және 32а шағын аудандарында атқарылуда. Жобаны іске асыру барысында жаяу жүргіншілерге арналған жолдар белгіленген талаптарға сәйкес салынып, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Алдағы уақытта жаяу жүргіншілер жолдарын салу жұмыстары қаланың өзге де шағын аудандарында кезең-кезеңімен жалғасатын болады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі