«Адалдық пен жауапкершілік – болашақ кепілі»: Ақтауда жаңа Конституция жастардың тарапынан қолдау тапты

«Адалдық пен жауапкершілік – болашақ кепілі»: Ақтауда жаңа Конституция жастардың тарапынан қолдау тапты
Ақтауда «Адалдық пен жауапкершілік – болашақ кепілі» тақырыбында іс-шара өтті. Кездесу барысында жаңа Конституция туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. Іс-шарада қала жастары жаңа Конституцияға қолдау білдірді.

Жиын барысында Маңғыстау облыстық әкелер одағының төрағасы Аллаберген Қонарбаев пен Маңғыстау облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Жақсыгүл Маханбетова жаңа Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға тоқталды.

-Аталған Конституцияның бұрынғы Конституциядан өзгешелігі мен қоғам беретін артықшылықтары туралы айтылды. Жаңа Конституцияда көрініс тапқан адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері кеңінен түсіндірілді, - деді Жақсыгүл Маханбетова.
 
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі