Ақтау қаласында №35 жалпы білім беретін мектебінде шеберлік сыныптары өткізілді

Ақтау қаласында №35 жалпы білім беретін мектебінде шеберлік  сыныптары өткізілді

2026 жылғы 5 ақпанда Ақтау қалалық сайлау комиссиясының
ұйымдастыруымен Ақтау қаласында №35 жалпы білім беретін мектебінде
мектептегі өзін-өзі басқару жобасы шеңберінде мектептерде сайланбалы
лауазымдарға үміткер болғысы келетін оқушылар үшін шеберлік-сыныптары
өткізілді. Іс-шараға қызығушылық танытқан және белсенді мектеп
оқушылары тартылды.
Шеберлік-сынып барысында оқушылар сайлау жүйесі деген не, сайлау
қалай өтіп жатқанын, кандидаттар мен сайлаушылардың қандай құқықтары
мен міндеттері бар екенін білді. Сайлау науқандарын ұйымдастыру,
көшбасшылық және мектептің өзін-өзі басқаруына сәтті қатысу үшін қажетті
жеке қасиеттерді дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, шеберлік-сынып қатысушылары көшбасшылық
қасиеттерді дамыту, командада жұмыс істей білу және жауапты шешімдер
қабылдау бойынша кеңестер алды. Бұл әсіресе өз мектебінің өміріне өзгеріс
енгізуге және нағыз көшбасшы болуға ұмтылатындар үшін өте маңызды.
Шеберлік-сынып өз мектебінің өміріне қызығушылық танытып қана
қоймай, ұжымда жұмыс істеу дағдыларын дамытып, шешім қабылдауға және
өз идеялары үшін күресуге үйрететін белсенді азаматтарды тәрбиелеудегі
маңызды кезең болды. Іс-шараға қатысушылар құнды кеңестер мен болашақ
саяси және қоғамдық қызмет үшін шабыт алды.

Ақтау қалалық сайлау комиссиясы