Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің онлайн жәрмеңкесі өтеді

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің онлайн жәрмеңкесі өтеді

6 ақпан күні сағат 15:00-де цифрлық сауаттылықты арттыру мақсатында Ақтау қалалық әкімдігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің онлайн жәрмеңкесі instagram және facebook парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

Тікелей эфирде мамандар қорғаныс істері, жер, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы және экономика салалары бойынша сұрақтарға жауап береді.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі