Әбілқайыр Байпақов қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

Әбілқайыр Байпақов қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында азаматтар тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмыссыздық, әлеуметтік көмек және өзге де жеке мәселелерге қатысты өтініш-тілектерін жеткізді.

Қала басшысы әрбір өтінішті мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қаралатынын атап өтті.

Сондай-ақ бірқатар мәселелер қабылдау барысында оң шешімін тапса, қосымша уақытты қажет ететін сұрақтар бойынша жағдайдың мән-жайына қарай тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі