Ақтауда заңсыз орнатылған кәсіпкерлік нысан алынды

Ақтауда заңсыз орнатылған кәсіпкерлік нысан алынды
Ақтау қаласының аумағында рұқсатсыз сауда нүктелері мен заңсыз орнатылған нысандарды анықтау және жою мақсатында рейдтік іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілуде.

Кезекті тексеріс барысында 9-шағын аудандағы 20-үйдің маңында орналасқан заңсыз кәсіпкерлік нысан анықталып, алынып тасталды.

Аталған нысан иесімен Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының талаптары түсіндіріліп, кәсіпкерлік қызметті заңды негізде жүзеге асыру қажеттігі жөнінде профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

- Құрметті кәсіпкерлер! Заң талаптарын сақтауға және кәсіпкерлік қызметті тек белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асыруға шақырамын, – деді Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Алтынбек Оңғарбаев.

Айта кетейік, осы бағыттағы мониторинг жұмыстары қала аумағында әр апта сайын жүргізіледі.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі