
2026 жылғы 4 ақпанда Дүниежүзілік сайлау күніне орай «Қазақ
зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ғимаратында Ақтау қалалық сайлау
комиссиясының ұйымдастыруымен «Тең құқық: сайлау жүйесін әркім түсінуі
керек» тақырыбында маңызды талқылау алаңы өтті. Кездесуге Ақтау
қалалық сайлау комиссиясының мүшелері және мүгедектігі бар адамдар
қатысты.
Іс-шараның мақсаты: халықтың елдегі сайлау жүйесінің қалай жұмыс
істейтіні туралы саяси сауаттылығын арттыру, сондай-ақ барлық азаматтар
үшін, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін тең құқықтарды
қамтамасыз ету. Атап айтқанда, қатысушылар инватакси қызметін пайдалану,
сайлаудың инклюзивтілігінің және ақпараттың қолжетімділігінің
маңыздылығын талқылады, осылайша әрбір азамат, физикалық шектеулерге
қарамастан, науқанға толық қатыса алады.
Ақтау қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Айладыр өз сөзінде
сайлау жүйесі демократияның негізі болып табылатындығын және оның
принциптерін түсіну тек құқық қана емес, сонымен бірге әрбір азаматтың
міндеті екендігін атап өтті. Сайлау кезінде мүгедектігі бар адамдар үшін
сайлау учаскелерінде тең құқықтарды қамтамасыз ету мақсатында қажетті
құрал-жабдықтармен толықтыру бойынша жұмыстар жүргізіліп
жатқандығын және сайлаушылардың сайлауға саналы түрде қатысуы,
олардың қандай құқықтары бар екенін және дауыс берудің адалдығы мен
ашықтығын қамтамасыз ету үшін қандай қадамдар жасау керектігін айтты.
Қазақ зағиптар қоғамының өкілдері тарапынан сайлау алдында сайлау
учаскелерінің қолжетімділігін жақсарту, оның ішінде есту және көру қабілеті
бұзылған адамдар үшін тиісті жабдықтардың болуы, бастысы ғимараттардың
кіреберісінде дыбыс шығаратын құрылғыларды орнату, оқу сканері
құрылғысын ұйымдастыру жөнінде өз ұсыныстарын білдірді.
Ақтау қалалық сайлау комиссиясы