
Қазіргі таңда Ақтау қаласының аумағында автомобиль жолдарын күтіп-ұстау және қалпына келтіру бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, жауын-шашын мен қардан кейін жол жамылғысын тазалау, сондай-ақ жол таңбаларын қалпына келтіру шаралары қолға алынған.
Сонымен қатар, қала аумағындағы қоғамдық көлік аялдамаларын жуу және санитарлық тазалау жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілуде. Аталған жұмыстарға шамамен 80-ге жуық жұмысшы мен 12 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.
- Жолдарды қалпына келтіру шаралары жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасау мақсатында кезең-кезеңімен іске асырылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады, — деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Азамат Койчибаев.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі