«Тәуелсіз сайлау – сенім мен әділдіктің кепілі» атты PechaKucha өтті

«Тәуелсіз сайлау – сенім мен әділдіктің кепілі» атты PechaKucha өтті

02.02.2026ж. Ақтау қалалық сайлау комиссиясы Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің студенттеріне «Тәуелсіз сайлау – сенім мен әділдіктің кепілі» атты PechaKucha өткізді. PechaKucha – (япон. әңгіме) нысаны мен ұзақтығы бойынша арнайы шектелген баяндамалар мен презентацияларды ұсына отырып, кештер өткізу нысаны болып табылады. Осы тақырыпта Ақтау қалалық сайлау комиссиясының хатшысы М.Сырлыбаева өткізген ақпараттық-түсіндіру шарасында тақырып кеңінен талқыланды. Сайлау процесін ұйымдастыруда заң талаптарын қатаң сақтау, ашықтық пен бейтараптық қағидаттарын ұстану – комиссия жұмысының басты міндеті екенін жеткізді.

Кездесу барысында жастардың сайлау мәдениетін қалыптастыру мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. Жас сайлаушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың азаматтық белсенділігін көтеру – болашақта әділ қоғам құрудың маңызды алғышарт. Сайлауға қатысу – әр азаматтың құқығы ғана емес, ел болашағына деген жауапкершілігі екені түсіндірілді.

Қорытындылай келе, тәуелсіз сайлау – қоғамдағы тұрақтылық пен әділдіктің негізі. Ол халық пен билік арасындағы сенімді нығайтып, демократиялық құндылықтардың дамуына жол ашады. Ашық диалог форматында өткен шарада студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.

 

 

Ақтау қалалық сайлау комиссиясы